Өскемен-Үрімжі әуе бағыты ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен-Үрімжі әуе бағыты ашылады

18.02.2015
Өскемен-Үрімжі әуе бағыты ашылады

Осы жылдың 20 наурызынан бастап «BEK AIR» әуе компаниясы «Өскемен-Үрімжі» бағыты бойынша чартерлік әуе тасымалын жүзеге асыра бастайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының мәліметі бойынша, әуе бағытының жиілігі аптасына бір рет болмақ. Яғни жұма күні бару-қайту бағыты орындалады. Өскеменнен ұшу уақыты – сағат 9.30-да болса, Үрімжіге қону уақыты – (Үрімжі уақытымен) сағат 12.55-те. Ал Үрімжіден ұшу – (Үрімжі уақытымен) сағат 14.55-те, Өскеменге қону – (Астана уақытымен) – 14.25-те.

Бір бағытқа қарай эконом-класс билеті 40 мың теңге, бизнес-класс – 55 мың теңге тұрады. Ал, бару-қайту бағыттарының билеті 14 күн және одан да бұрын сатып алған жағдайда эконом-класс – 69 мың теңгеге, бизнес-класс – 84 мың теңгеге айналады. Ал ұшуға дейінгі 14 күн ішінде сатып алатын билет құны 79 мыңнан 94 мың теңгеге дейін тұрады.

Әуе тасымалы 85 орындық «Fokker 100» әуе кемесі арқылы орындалады. Сондай-ақ, ҚХР аумағы бойынша әуе тасымалдарымен тоғыстыру қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу