Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

18.12.2019

Ақордада ауыс-түйіс. Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қалетаев Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл лауазымға Мәулен Әшімбаев келді.

Бұған дейін Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев та жаңа қызметке ауысты. Ол енді — Президент көмекшісі.

Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Ал Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен кетті. Иманғали Нұрғалиұлы мемлекеттік қызметтегі сан жылдық еңбегінің зейнетін көрмекші.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу