Мүгедектерді жұмысқа қабылдамаған компания жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектерді жұмысқа қабылдамаған компания жазаланады

25.12.2019
Мүгедектерді жұмысқа қабылдамаған компания жазаланады

Мүгедекті жұмысқа қабылдамаған компания жазаланады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 690 адам бар. Оның 424 мыңы жұмысқа қабілетті болғанымен, 224 мыңы ғана жұмыс істей алады. Қазіргі уақытта олардың 106 мыңы еңбек етіп жүр. Біз олардың экономикалық белсенділігін арттыру бойынша өзімізге міндет қойдық. Мынадай проблема бар – мүдегектігі бар адамдарды жұмысқа алмайды. Заңнамамызға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындарға квота бекіте алады. Қазіргі уақытта 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде. Бұл квотада 14,5 мың бірлік болғанымен, орындалмай келеді. Біз шетелдік тәжірибені негізге алдық. Мәселен, Германия мен Жапонияда компания мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдамаса, онда өтемақы төлеуге мәжбүр болады. Енді осы идеяны зерттемекпіз», - деді министр.


Хабарламаларға жазылу