Оралда мүгедектерді тасымалдауға бөлінген 50 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда мүгедектерді тасымалдауға бөлінген 50 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскен

21.02.2024

Оралда мүгедектерді тасымалдауға бөлінген 50 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскен. Кембағал жандарды тасымалдайтын жауапты мекеме қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көрсетілген қызметті растайтын жалған құжат берген. Сағат саны мен қызмет ақысын асыра бағалаған. Іс тергеліп жатыр.

Ал Ақмола облысының Есіл ауданында мердігер мектеп құрылысына бөлінген 27 миллион теңгені заңсыз иемденген. Ол, атқарылмаған жұмысқа жалған құжат істеген. Былықтары әшкере болған мердігер компания лицензиясынан айырылды.

Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу және тағы басқа айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады. Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар белсенді басталып, жүргізілуде.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу