Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 елге сапармен барды. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен брифингте ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
«Халықаралық іс-шаралар бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы 12 елге сапармен барды. Оның ішінде Өзбекстан, Қытай, Қырғызстанға мемлекеттік сапармен, Ресей мен Германияға ресми сапармен барды. Ал жұмыс сапармен Ресейге 2 рет және АҚШ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Арменияға сапарлады», - деді баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, Қазақстан Президенті 9 халықаралық жиынға қатысты.
«Атап айтқанда, АҚШ-та өткен БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына, Бішкектегі ШЫҰ отырысына, Душанбедегі, АӨІСШК-ке, ЕАЭО саммитіне, Ашхабаттағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, сондай-ақ Сочиде «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына, Омбыдағы шекарамаңы ынтымақтастық форумына, Бішкектегі ҰҚШҰ сессиясына қатысты», - деді Б.Уәли.
inform.kz