ТоТок мессенджері БАӘ-нің тыңшысы ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТоТок мессенджері БАӘ-нің тыңшысы ма?

24.12.2019
ТоТок мессенджері БАӘ-нің тыңшысы ма?

Біріккен Араб Әмірліктерінде әзірленген қарапайым және қауіпсіз байланыс қосымшасы ретінде танылған ToTok мессенджері шпиондық бағдарлама болып шықты. ToTok WhatsApp және Skype сияқты аналогтарға қолжетімділік шектеулі БАӘ-де кең сұранысқа ие. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана шығарылған мессенджер Таяу Шығыстағы және сол аймақтағы миллиондаған қолданушыларды қызықтырды, тіпті өткен аптада бағдарлама Америка Құрама Штаттарында ең көп жүктелген бағдарламалардың бірі болған.

ToTok-ты The New York Times АҚШ барлауындағы дереккөздерге сілтеме жасап, БАӘ үкіметінің азаматтардың сөйлесулерін тыңдау және олардың қозғалыстарын бақылау үшін қолданатын тыңшысы деп мәлімдеді. Сондай-ақ мессенджер камераға және микрофонға рұқсат сұрап, «бетбелгілер»,  контактілер, хабарламалар және орналасқан жер туралы мәліметтер жинайды деп айыпталуда. Айта кететін жайт, ToTok-та шифрлау қолданылмайды.

Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы және NSA бұрынғы қызметкері Патрик Уордл басылымға ToTok-тің ресми әзірлеушісі Breej Holding DarkMatterдің жасырын хакерлік ұйымы деп мәлімдеді. Сондай-ақ, штаб-пәтері Абу-Дабиде орналасқан бұл компания туралы Уордл кибер тыңшылықпен айналысады және БАӘ билігімен тығыз байланыста деп айтты. Уордлтың айтуынша, мессенджер қытайлық YeeCall қосымшасының көшірмесі болып табылады.

Мақаланы NYT-де жариялағаннан кейін, ToTok Google Play және App Store дүкенінен алынып тасталды. Breej Holding, DarkMatter және БАӘ үкіметінің өкілдері әлі тергеу туралы түсінік берген жоқ.

Vesti.Hi-tech

Хабарламаларға жазылу