Жылдың үздік ауылдары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдың үздік ауылдары анықталды

20.12.2019

Сыр өңірінде биылғы жылдың үздік ауылдары анықталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында үлгілі деп танылған 8 елдімекенге облыс әкімінің қаржылай сыйақылары табысталды.

Мұндай байқау республика бойынша тек Сыр өңірінде өткізіліп келеді. Жалпы ауылдағы ағайынның әлеуетін көтеру үшін биыл аймақта 1,9 миллиард теңге жұмсалды. Облыстағы 250-ден аса ауылдың ішінен көркейіп, гүлденіп, тұрмысы түзелген Таң және 3-ші Интернационал елдімекендері өңірдегі ең үлгілі ауылдар деп танылып, 10 миллион теңгенің сертификаттары берілді.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу