Ресей «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысын аяқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысын аяқтайды

19.12.2019

Ресей өз жерінен Еуропаға тартылып жатқан «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысын аяқтайды. Мәскеу мұндай шешімді Америка Құрама Штаттары енгізген санкцияға қарамастан қабылдап отыр. Бұны Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның сөзінше, Вашингтонның осынау энергетикалық жобаны шектеуі халықаралық заңдарға қайшы келеді.

«Солтүстік ағын-2» Балтық теңізінің астынан салынып жатыр. Ол Ресейдің табиғи газын Германияға Украинаны айналып өтіп жеткізуге тиіс. Сейсенбі күні АҚШ Сенаты Мәскеудің Америкадағы сайлауға араласқанын алға тартып, бұл құбырдың құрылысына тартылған компанияларға санкция жариялады. Ол туралы құжат президент Дональд Трампқа қол қойғызу үшін Ақ үйге жіберілген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу