Ресейлік екі құбырда жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік екі құбырда жарылыс болды

28.09.2022

Ресейдің Балтық теңізінің түбімен өтетін екі құбырында болған жарылыстарды белгісіз біреулер әдейі ұйымдастырған. Мұны Дания, Швеция, Германия үкіметтерінің өкілдері мәлімдеп отыр. Ал, Украина басшылығындағы бір жоғары лауазымды шенеунік оқыс оқиғаны Ресейдің Еуропаны тұрақсыздандыруға бағытталған шабуылы деп атады. Кремль болса, газ толтырылған, бірақ жұмыс істемей тұрған «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» құбырларына қарсы саботаж жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу