Премьер-Министр үздік қызметкерлерді марапаттады

13.12.2019

Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин еңбегі еленген министрліктердің қызметкерлерін марапаттады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында берілген «Құрмет», «Шапағат» пен «Ерен еңбегі үшін» наградасын бірнеше вице-министр мен түрлі комитет төрағалары алды. Ал Президенттің Алғыс төсбелгісін еліміздің Бас санитар дәрігері мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндік кеудесіне тақты. Бұл марапат оларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу