Елбасы «Алтын сапа» байқауының сыйлықтарын тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Алтын сапа» байқауының сыйлықтарын тапсырды

06.12.2017

Іс-шара соңында Қазақстан Президенті «Алтын сапа» байқауының сыйлықтарын тапсырды. Атап айтқанда, «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба», «Сапа көшбасшысы», «Үздік азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сыйлықтары өз иелерін тапты. «Парыз» байқауының Гран-при жүлдесі Евразиялық топтың жетекшісі Александар Машкевичке табыс етілді. Бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі өңірлер мен қалалардың рейтингі нәтижесі бойынша арнайы сыйлық Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке берілді. Сонымен қатар, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та бизнестің үздік өкілдерін марапаттады. Аталған сыйлық төрт аталым бойынша шағын және орта кәсіпкерлік, сондай-ақ, үздік шыққан ірі кәсіпорындарға берілді.

Закіржан Күзеев, «Универсал» компаниялар тобының басқарма төрағасы:

- Өте қуаныштымын. Біз осыдан 10 жыл бұрын алғанбыз. Енді тағы алып тұрмыз. Керемет жетістік.

Хабарламаларға жазылу