А.Меркель мен Э.Макрон Еуропалық Одақ басшыларына хат жолдады

10.06.2020

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропалық Одаққа Covid-19-бен күресте әлсіздігі үшін кінә тақты. Қарт құрлық елдерінің көшбасшылары Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула Фон Дер Ляйенге осындай хат жолдады. Хатта: «Медициналық құрал-жабдықтың тапшылығы, Одақ мемлекеттері арасында індет жұқтырғандар жайлы мәліметтерді жинау мен өңдеуде координацияны күшейту қажеттігі жазылған. Енді сол қателіктерден сабақ алып, пандемияның екінші толқынына тыңғылықты дайындалуы тиіс», - делінген. Хатқа Меркель мен Макроннан бөлек Бельгия, Дания, Польша мен Испанияның Премьер-министрлері қол қойған. Еуроодақтың басшылары осы мәселеге қатысты 19-маусымда онлайн басқосу өткізбек.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу