Құрақ құрау шеберлерінің көрмесі қалай өтті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрақ құрау шеберлерінің көрмесі қалай өтті?

24.11.2014
Құрақ құрау шеберлерінің көрмесі қалай өтті?

«Қол өнері – кілемде, сөз өнері – өлеңде» дейтін қазақтың қолөнерінің ертеден келе жатқан бір түрі, төл өнері – құрақ құрау. Қазақ қалған маталардың қиындысын жарамсыз етіп тастауды ысырап деп біліп, бір кәдеге жаратудың есебін тапқан. Мата қалдықтарын бір-біріне жалғап тігу арқылы құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Бүгінде құрақ құраумен екінің бірі айналыспағанымен, осы бір бұйымды қыз жасауынан кездестіруге болады. Нақтырақ айтсақ, қыз баланың көрпе-төсегіне анасы міндетті түрде құрақ көрпе, жастығын қосады. Бұл қыз жасауының негізгі бөлігі саналады.

Елімізде құрақ құрау шеберлерінің көрмесі өтті. Бұл туралы толығырақ бүгін 17.00-де «Менің Қазақстаным» хабарынан біле аласыздар.

Сонымен қатар, хабарда қазақтың халық аспаптары мұражайында өткен поляк музыкасының күндері, Алматыға келген испан бишісі Лидии Байе сапары,  Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен бал жәрмеңкесі турасында толығырақ біле аласыздар.

Фото: avizinfo.kz

Хабарламаларға жазылу