
Парижде Наполеонның киген етігі сатылымға шықты. Drouot үйі аукционды 50 000 — 80 000 еуродан бастаған деп хабарлайды Reuters.
Аукционшы Александр Жикейоның айтуынша, аяқ киімінің өлшемі ол туралы таралған кейбір ақпараттардың жалған екенін дәлелдейді.
«Біздің қолымызда жоғары сапалы былғарыдан жасалған қазіргі 40-шы өлшеммен сәйкес келетін етік бар. Аяқ киімінің өлшеміне сәйкес, императордың бойы 1, 69 болғаны анықталып отыр.
