Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сексеуіл кентіндегі теміржол жағалап жүрген балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Теміржолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет», - деді Қ.Тоқаев.
«Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет. https://t.co/N6Vtaumhld
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 11, 2019