Елбасы өңірлердегі жол мәселесін шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы өңірлердегі жол мәселесін шешуді тапсырды

27.02.2019

Елбасы өңірлердегі жолдардың мәселелерін шешуге де ерекше көңіл аударды. Қазір республика бойынша ірі автобандар салынып жатқаны белгілі. Соңғы жылдары 12 мың 500 шақырым автомобиль жолы 2,5 мың шақырым темір жол салынып, жөнделген. Енді облыстық, аудандық деңгейдегі жолдар төселеді. Бұл бағытқа қосымша 350 миллиард теңге бөлінбек. Осылайша 2025 жылы жолдардың 95 пайызы жаңартылады. Жұмыстардың жүргізілуі «Нұр Отан» партиясының қадағалауында болмақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу