Ұлттық ұланның «Бүркіт» бөлінісінің құрылғанына 20 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұланның «Бүркіт» бөлінісінің құрылғанына 20 жыл толды

11.12.2019

Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлінісінің құрылғанына 20 жыл толды. Бұл көзден таса болғанымен маңызды әскери операциялардың ортасында жүретін құрылым. Тікелей міндеті – лаңкестік ұйымдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарға тойтарыс беру. Мемлекет мүддесі жолындағы операциялардың бел ортасынан табылу. Осы аралықта 20-дан аса арнайы операцияларға және құқық қорғау органдарымен бірлесе 5 мыңнан аса жедел-іздестіру шарасына қатысты. Сол жауынгерлер бүгін марапатталды. Кәсіби мерекеде алғыс хат алып, төс белгі таққандар да болды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу