Ұлттық ұланның құрылғанына - 23 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұланның құрылғанына - 23 жыл

10.01.2015
Ұлттық ұланның құрылғанына - 23 жыл

Сталинград түбінде шайқасқан 72-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлік туының дәлме-дәл көшірмесі Астанаға әкелінді. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 23 жылдығына орай өткен концертте ел Тәуелсіздігі ұлықталды.

Дәстүрге айналған шара биыл аса үлкен қарқынмен өтіп отыр. Себебі концерт Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы мен Ассамблея жылына да орайластырылған. Шарада өнер көрсеткен жауынгерлер әскери, майдан әндерімен қатар әлем сахнасында орындалып жүрген классикалық туындыларды орындады. Мереке аясында жас сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдауы өтті. Сондай-ақ, Ұлттық ұланның жауынгерлік жолы туралы арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

 

 

Хабарламаларға жазылу