Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 10 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 10 теңгеге қымбаттады

11.12.2019

Қазір газ тарату бекеттеріндегі баға 60 пен 70 теңге аралығында құбылып тұр.

Бір-екі тәулік бұрын ғана литрі 58-60 теңге шамасында болған сұйық отын аяқ астынан қымбаттап кетті. Мамандардың айтуынша, ай сайын өңірге тоннасы 45 мың теңгеден 9 мың литр газ бөлінеді. Ол таусылып қалған жағдайда биржадан тікелей алатын компаниялар бағаны өсіруі мүмкін. Себебі олар әр тонна үшін 122 мың теңге төлейді. Ал құзырлы органдар болса, бағаны негізсіз көтерген және газды тек талон арқылы берген екі мекемені анықтап отыр. Енді газ тарату бекеттері тексеріліп жатыр.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу