Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті?

11.12.2019
Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті?

Димаштың Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өтті. Barclays Center аренасы әнсүйер қауымға лық толды. Өзінің айрықша даусымен Димаш Нью-Йоркті тамсандырды. Әншінің әрбір әні толыққанды шоуға айналды. Жиналған жұртшылық оның әр нөмірін зор сүйіспеншілікпен қарсы алды.


Концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Қазақстандық әнші шығармашылық кешінде әртүрлі тілде ән шырқады. Алайда қазақтың әуезді әндері басым болды. Халық сахнада орындалған әрбір әнге қосыла шырқап отырды. Көздеріне жас алғандардың да қатары мол болды.


Әсіресе, тыңдармандар «Адай» күйіне ерекше тәнті болды. Қазақтың қара домбырасының үні әлемнің әр түкпірінен жиналған жұрттың жүрегінен орын ала білді.



Айта кетейік, Димаштың бұл концертіне 54 елден тыңдармандар келді. 

Дереккөз: dimashnews.com

Хабарламаларға жазылу