Қазақстандағы 60-тан астам ЖОО түлектерінің 50 пайызы жұмыссыз

10.12.2019
Қазақстандағы 60-тан астам Жоғары оқу орны түлектерінің 50 пайызы универсиетет бітіргесін жұмыс таппайды. Өйткені ондағы білім бағдарламасы жұмыс берушілердің сұранысына сай емес. Студенттер грант бөлінгені үшін ғана өздеріне ұнамайтын мамандықта оқиды. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты. Мамандар осындай оқу орындарынан лицензия қайтарылуы керек деп есептейді. Немесе осы білім ордаларына тексерісті күшейту қажеттілігін айтты. Аталмыш мәселе Жоғары оқу орындарына жүргізілген рейтингте белгілі болды. Тізімге 109 университет пен колледж кіріп, 2000 білім беру бағдарламасы қамтылды. Бақылауды жүргізуге 700-дей сарапшы қатысқан.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу