Қарағанды облысындағы балалар үйінің түлектеріне 50 білім гранты бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы балалар үйінің түлектеріне 50 білім гранты бөлінеді

31.05.2014
Қарағанды облысындағы балалар үйінің түлектеріне 50 білім гранты бөлінеді
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев балалар үйінің тәлімгерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 9 және 11 сынып түлектері, 2013 жылғы облыс әкімі гранттарының иегерлері шақырылды. Сонымен қатар облыстық басқарма жетекшілері, балалар үйлерінің диреторлары, ЖОО ректорлары қатысты. Балалар үйінің 7-10 сынып оқушылары да онлайн режимде байланысқа шықты.

Б.Әбдішев  өңірдегі балалар үйінің түлектеріне ЖОО мен колледждерде оқуға облыс әкімінің 50 гранты тағайындау мәселесі каралып жатқанын атап өтті. Аталмыш грант өткен жылы алғаш рет тағайындалған.

Облыста Жастар бастамасы орталығының маңынан балалар үйі түлектерінің бейімделу қызметі ашылған. 2011-2013 жылдары балалар үйінің 325 түлегі баспанамен қамтылды. 2016 жылға дейін тағы 510 пәтер беру көзделген.

Кездесуге қатысушылардың барлығына облыс әкімі планшет сыйға тартты.

 

Хабарламаларға жазылу