Үндістанда жаңа заңға қарсы наразылық өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда жаңа заңға қарсы наразылық өршіп тұр

19.12.2019

Үндістанда азаматтық туралы жаңа заңға қарсы наразылық акциясында қақтығыстар өршіп, ондаған адам тұтқындалды. Тәртіпсіздіктерден ел астанасы Нью-Делиде теміржол станциялары жабылған. Осыған байланысты билік бірнеше ірі штатта шеру өткізуге тыйым салды. Бұған ашуланған демонстранттар көшедегі көліктерді өртеп, жолдарды бөгеп, полициямен қақтығысуда.

Аталған заң бойынша, көршілес Пәкістан, Бангладеш, Ауғанстаннан келген мұсылман емес адамдарға ғана Үндістан азаматтығы берілмек. Бұл – діни себеппен елінен қуылған мигранттар үшін жақсы мүмкіндік. Алайда, қарапайым халық даулы заңды «мұсылмандарды алалап, оларға әдейі қысым көрсету» деп сипаттап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу