Брюссельде Елбасы жайлы «Уақыт таңдауы» фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Елбасы жайлы «Уақыт таңдауы» фильмі көрсетілді

06.12.2019

Брюссельде Елбасы Н.Назарбаев жайлы ағылшын тіліндегі «Уақыт таңдауы» фильмі көрсетілді. Шараны еліміздің Бельгиядағы елшілігі мен ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырды. Деректі фильмді режиссер Радик Кудояров Тұңғыш Президент қорының тапсырысымен былтыр Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай түсірген. Фильм Н. Назарбаевтың жаңа мемлекет қалыптастырудағы тарихи миссиясына арналған. Туындыда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сын-қатерлер, экономиканың дамуы, ел астанасының құрылысы жайлы кеңінен баяндалады. Сондай-ақ, әлем елдерінің көшбасшылары мен саясаткерлерінің Елбасының ұтымды шешімдері туралы білдірген пікірлері фильмде көрсетілген. Еуропалық сарапшылар туындыны жоғары бағалады. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу