GGG мен CR7 бірлескен жоба әзірлеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

GGG мен CR7 бірлескен жоба әзірлеп жатыр

05.12.2019
GGG мен CR7 бірлескен жоба әзірлеп жатыр

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду бірлесіп жана жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы қос жұлдыз өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның қандай жоба екені әзірге белгісіз.

Қазақстандық боксшы мен танымал футболшы Туринде кездесті. «Досым Криштианумен жаңа жоба дайындап жатырмыз», - деп жазды GGG Instagram-дағы парақшасында.

Португалиялық футболшы GGG-ге «Ювентустың» жейдесін сыйға тартса, Головкин өз кезегінде бокс қолғабын тарту еткен.

Хабарламаларға жазылу