Instagram пайдалану нұсқаулығын жаңартты. Енді әлеуметтік желіге тіркелерде пайдаланушының туған жылы сұралатын болады. Ол балалар мен кәмелетке толмаған жеткіншектерді зиянды ақпараттардан қорғау үшін жасалып отыр.
Бұл жаңашылдық 4 желтоқсаннан бастап енгізілді. Instagram-ның талабы бойынша, желіні қолданушының жасы кем дегенде 13-тен жоғары болуы керек.
Қолданушының жасы туралы ақпарат құпия сақталады, басқа пайдаланушыларға көрінбейді. Ол жаңа тіркелген жас қолданушыларға сәйкес келетін қауіпсіздік параметрін ұсыну үшін қолданылады.
Одан бөлек, жаңа ереже direct-ке кімнің хабарлама қалдыруына болатынын айқындайды. Мәселен, желіні жаңартқан қолданушылар енді кез келген адамнан хабарлама ала алмайды. Оған тек өз оқырмандары ғана жаза алатын болады.
instagram-press.com