Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды

11.09.2019
Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін арнайы аккаунттар ашты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, министрлік халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.

Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзекті ақпаратты Facebook-тегі және Instagram-дағы «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» аккаунттарынан ала алады.


Хабарламаларға жазылу