Ішкі істер министрлігі – қоғам үшін ең жабық орган - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі – қоғам үшін ең жабық орган

04.12.2019

Мемлекеттік құрылымдардың қатарында қоғам үшін ең жабық орган – Ішкі істер министрлігі. 2018-2019 жылдары әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарын шолып шыққан арнайы мониторинг тобы осындай қорытынды жасаған. Талдау – учаскелік полицейлер, жол сақшылары және патрульдік бекет қызметіне жүргізілді. Сондай-ақ орталық және аймақтық құрылымдардың оқыс оқиғалар мен жағымсыз жаңалықтарға қатысты шұғыл әрі шынайы ақпарат таратуы негізге алынған. Алайда соңғы кезде Ішкі істер министрлігі халықпен байланыс орнатудың тетіктерін тауып жатқандығын қоғам белсенділері айтады. Дегенмен ескеретін негізгі жәйттер де бар.

Сажида Сайтбаева, Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі:

Мына жағдайларға барынша көңіл бөліп, күш салса екен дейміз: Ашықтық, қолжетімділік және жұмысын жетік білетін баспасөз хатшылары. Міне, біздің зерттеудің қорытындысы осы.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу