Беларусь елі қазақстандық студенттерге берілетін гранттар санын арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь елі қазақстандық студенттерге берілетін гранттар санын арттырады

04.12.2019

Қазақстан мен Беларусь арасында 100-ден астам келісімшарт бекітілген. Олар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша. Қазақстандық медицина мамандары Беларусь елінің жетекші мекемелерінде біліктілікті арттырудан өтіп, бірлескен оталар жүргізіп жатыр. Ал білім саласындағы үкіметаралық келісім негізінде отандық студенттер Минскідегі ең жоғары шәкіртақыға ие болды. 

Келер жылы IT, ауыл шаруашылығы және медицина саласы бойынша біздің студенттер үшін грант саны көбеймек. Қазақстандық жастар мықты 54 университетте жоғары білім алады деген сөз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу