Ақтөбеде Ресей музейлерінің көшпелі көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Ресей музейлерінің көшпелі көрмесі өтіп жатыр

04.12.2019

Ақтөбеліктер Санкт-Петербургтегі музейлердің экспонаттарын тамашалауға мүмкіндік алды. Шаһар тұрғындарын, әсіресе, ежелгі Мысыр тарихына қатысты жәдігерлер қызықтырды. Көрмеден пирамида макеті мен оның ішіне жерленген перғауындар мумияларының көшірмесін де көруге болады.

Ал Ресей императорлық анатомиялық музейінен әкелінген дүниелер тіпті ерекше. Адамдардың есірткі, темекі мен араққа тәуелділік салдарынан түрлі өзгеріске ұшырауы және жануарлар аномалиясы көрініс тапқан. Екі басты түлкі мен екі кеудесі бар қаршыға да осында.

Көрменің тағы бір бөлімі – елес картиналар. 3D форматында салынған бейнелер келушілерді ерекше қызықтырды. Облыстық мұражай ұжымы шетелдік әріптестерімен байланысты одан әрі нығайтпақ ниетте.

Жақсыбек Кемал

 

Хабарламаларға жазылу