Алматы облысында 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады.
Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде орналасқан. Зілзала 4 қарашада сағат 01:38-де тіркелді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Магнитудасы - MPV 5.2. Тереңдігі - 15 шақырым.
Зілзала Қапал ауылында (4 балл), Жансүгіров ауылында, Текелі (3 балл) мен Талдықорған (3 балл) қалаларында сезілді.