Түркістанда елге танымал азаматтардан құрылған керуен жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда елге танымал азаматтардан құрылған керуен жолға шықты

03.12.2019

«Түркістанның рухани керуені». Өңірде осындай атаумен елге танымал азаматтардан құрылған топ жолға шықты. Оның құрамында Олимпиада ойындарының жүлдегер спортшылары мен өнер жұлдыздары бар. Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет қолға алынған шарада белсенділер ауыл жастарымен кездесіп өмірлік мақсатқа жету жолындағы талпыныстары, адами құндылықтар, отансүйгіштік қасиет жайында еркін әңгімелесті. Топ құрамында әнші Саят Медеуов, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, «Қазақстан барысы» Жұманазар Ерсұлтанов пен былғары қолғап шебері Біржан Жақып бар. Олар өздерінің жетістіктері туралы айта отырып, жастарды салауатты өмір сүруге үндеді. Теріс діни ағымдардан алшақ болуға, кертартпа әрекеттерден арылуға шақырды. Рухани керуен өңірдің барлық аудандары мен қалаларын түгел аралап шықпақ.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу