Талдықорғанда «Рухани керуен» жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Рухани керуен» жолға шықты

04.09.2017

Талдықорғанда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында рухани керуен жолға шықты. Зиялы қауым өкілдерінен құралған топ өңірді аралап, ауылдағы ағайын тынысымен танысады.

Сондай-ақ, өздері де Президент мақаласындағы бағыттарды түсіндіріп, түрлі мәдени және рухани маңызы бар кездесулер ұйымдастырады. Рухани керуен құрамына әр түрлі саладан 50-ге жуық маман кіріп отыр.

Сапар барысында жетісулықтар назарына сурет пен кітап көрмелері, концерттік бағдарламалар мен «Дертке дауа-һақ жолы» атты қойылымдар ұсынылмақ. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу