Қандастар азаматтықты үш ай ішінде алатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастар азаматтықты үш ай ішінде алатын болады

01.12.2019

Қандастардың оралу процесі. Аптада жоғары атқарушы билік өкілдерінің жариялағаны – азаматтықты алты емес, үш ай ішінде алады, бір «терезеден» құжат рәсімделеді. Соңғы кезде ұлы көштің үркін көшке айналғаны мәлім. Бір-бірін көрмегеніне жылдар өткен, тіпті баласының, не әкесінің қайда, не істеп жүргенін білмейтін отбасылар бар. Демек соңғы пәуескесіне дейін жеткізіп алу міндеті орындалмаса, ол процесс күрделене береді. 

Ал жалпы, 1991 жылы басталған бұл көштің маңызы, саяси, әлеуметтік, мәдени маңызы өте, өте жоғары. Оны бүкіл жан-тәнімен ұғатындардың арасында көшті бұру ісіне жауаптылардың бәрі дерлік бар деп үміттеніп отырмыз. Жаһанға жар салмай-ақ тірлікті бітіреді деп... 

Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында: тарихи құжаттың көшірмесін жариялап, былай жазды:   

18.11.1991 жылы Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллионнан астам қазақ көшіп келді. Ақерке Бектас жалғастырады. 

Ақерке БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу