EXPO-2017 көрмесіне ерекше экспонат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне ерекше экспонат

01.08.2013
EXPO-2017 көрмесіне ерекше экспонат

 

Ақтөбелік Ордабай Сандыбайұлы EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтарды таң қалдырмақшы. Ол қалашыққа 16 ағаш үй тұрғызуды ұсынып отыр. Әрқайсысын араб әріптерімен әшекейлеу қажет.
 
Ол ғарыштан оң энергия алатын көрінеді. 25 жыл бойы зерттеу жүргізген ақсақал «Көк пен жерден қуат алатын 14 әріптің сыры тереңде», дейді.
 
16 ағаш үй үш бұрыш іспетті орналасуы қажет. Оған кірген шетелдік қонақ алдымен қазақ халқының ұлттық құндылығын таниды. Онымен қоса оң күш алып, рухани тазарады», дейді Ордабай Сандыбайұлы.
 
Ордабай Сандыбайұлы, тұрғын:
Қуаттандыратын қарапайым ғана әдіс. Егер осы хуруфул мукатта әрпінің жазылу нұсқасымен ағаш үйдің ішіне 9 сақина жазып қойса, ішіне кірген адам барлық ауыртпалықтан арылып шығады.
 
25 жыл бойы зерттеген жұмысын Ордабай Сандыбайұлы «Рухани саналық сауықтыру бағдарламасы» деп атаған. Оның ойынша, қуат алатын үйді ақ кірпіштен де тұрғызуға болады. Қазір ол рухани білімі бар ғалым іздеп жүр. Көкпен байланысқан әріптердің құпиясын ашпақшы.
 
Ордабай Сандыбайұлы, тұрғын:
Мұны тек қана ғылыми топ құрып, іс жүзінде үш ай ішінде дәлелдеп шығуға болады. Мүмкіндік бар, қолымнан келгенше іс-тәжірибемді көрсетуге әзірмін.
 
Жоспары жүзеге асса, Ордабай Сандыбайұлы EXPO көрмесіне осылай өз үлесін қосуды көздейді. Жобасын алдымен жергілікті билікке апарып көрсетпек. Одан соң ғылыми тұрғыда дәлелдемекші. 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу