Ипотекаға үй алғандар үш ай ішінде қайтадан несие рәсімдейді – зерттеу нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ипотекаға үй алғандар үш ай ішінде қайтадан несие рәсімдейді – зерттеу нәтижесі

13.11.2023

Ипотекаға үй алғандардың басым бөлігі 3 ай ішінде қайтадан несие рәсімдейді. Кредитке көбіне тұрмыстық техника мен жиһаз алады. Қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген зерттеудің нәтижесі осындай.

Жалпы алғанда жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі біршама азайды. Мәселен, былтыр 373 мыңнан аса адам бірінші рет несие рәсімдесе, биыл оның саны 327 мың. Ал бизнеске берілген несие көлемі керісінше артты. Былтыр кәсіпті дамыту үшін 576 мыңнан астам адам қарыз алуға ниет білдірсе, биыл 1 млн 200 мың өтініш қаралған. Оның ішінде қарыз алуға шағын кәсіпкерлер көбірек жүгінген екен.

Хабарламаларға жазылу