2020 жылы Қазақстанда «Тұңғыш Президент жолымен» экспедициясы ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы Қазақстанда «Тұңғыш Президент жолымен» экспедициясы ұйымдастырылады

28.11.2019

Келер жылы елімізде «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы басталады. Жалпыұлттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясына ширек ғасыр толуына орай қолға алынды. Бүгін экспедицияның туы мен күнделігі салтанатты түрде Алматы облысына тапсырылды. Жоба Елбасының туған өлкесі - Шамалған жерінен бастау алады. Кейін Қарағанды облысы мен Украинаның бұрынғы Днепродержинск, қазіргі Каменское қаласына және Алматы қаласына бару жоспарланып отыр. Ал одан кейін ел өңірлері мен бірқатар шет мемлекетке сапар ұйымдастырылады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу