Жөтелемін деп қабырғасын сындырып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жөтелемін деп қабырғасын сындырып алды

25.11.2019
Жөтелемін деп қабырғасын сындырып алды

Қытайдың Чжэцзян провинциясының тұрғыны жөтел ұстамасының нәтижесінде 10 қабырғасын сындырып алып, ауруханаға түсті.

20 жастағы бойжеткен қатты жөтелге шалдығып, дәрігерлерге жүгінеді. Медицина қызметкерлері оған демікпе диагнозын қойып, ингалятормен үйде жатып емделуіне кеңес береді. Алайда оның жөтелі басылмай, қайта өрши түседі. Бірнеше күннен кейін бойжеткен сол жақ кеудесінің қатты ауырғанын сезеді.

Сөйтіп рентгенге түссе, жөтелден оның 10 қабырғасы сынған екен. Дәрігерлер сонымен қатар бойжеткеннің сүйек тығыздығы тым төмен екенін анықтайды. Яғни, оның ағзасына D дәруменінің жетіспейтіні және қанында кальций мен фосфор көрсеткішінің тым төмен екені белгілі болады.

Кейін анықталғандай, бойжеткен терісінің ерекше ақ болғанын қалайды екен. Осылайша ол күн көзіне шықпай, жыл бойы күннен қорғанатын лосьонды пайдаланған. Осының нәтижесінде дертке шалдыққан. 

lenta.ru

Хабарламаларға жазылу