Канадалық спортшы қолының сынғанына қарамастан Олимпиадаға қатыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадалық спортшы қолының сынғанына қарамастан Олимпиадаға қатыспақ

01.02.2014
Канадалық спортшы қолының сынғанына қарамастан Олимпиадаға қатыспақ

Сноубордтан Олимпиада чемпионы, канадалық Мэлли Рикер жаттығу кезінде жарақат алды. 35 жастағы спортшы білегін сындырып алған. Дегенмен сноуборд бойынша Канада құрамасының атқарушы директоры Стивен Хиллз Рикерге үміт артып отыр. Алайда нақты шешім дәрігерлердің қорытындысынан кейін шығарылады.
 
 «Олимпиада алдында жарақат алғаны өкінішті. Бірақ, біз Мэллидің табанды спортшы екенін білеміз. Ол спорттық ғұмырында талай қиындықты жеңе білді. Біз операция сәтті аяқталып, оның Олимпиада ойындарына қатысуына үміттеніміз», - дейді Хиллз.

Хабарламаларға жазылу