Тони Мартин «Тур де Франс» велокөпкүндігін жалғастыра алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тони Мартин «Тур де Франс» велокөпкүндігін жалғастыра алмайды

10.07.2015
Тони Мартин «Тур де Франс» велокөпкүндігін жалғастыра алмайды

«Тур де Франста» топ бастаған Тони Мартин Гранд-турмен қош айтысуға мәжбүр. Неміс спортшысы 6-шы кезеңде велосипедтен құлап, бұғанасын сындырып алды. 

Бейсенбілік бәсекеде 191 шақырымдық жазық жолда чех Зденек Штыбар жеңімпаз атанды. 29 жастағы велошабандоз берілген межені 4 сағат 53 минут 46 секундта бағындырған.

Словакиялық Петер Саган мен француз Брайан Кукард үздік үштікке ілікті.

 

Индира БЕКТЕНОВА 

Хабарламаларға жазылу