Қарағанды облысында үш бірдей жасөспірім суға кетіп қайтыс болды

01.08.2019

Оның екеуі бір үйдің баласы. Кәмілет жасына толмаған балалар рұқсат етілмеген жерде шомылған. Кешкі сағат бестер шамасында тұрғындар Сары су өзенінен қыздардың мәйітін алып шыққан

Мұрат Қатпанов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Екі қыз бала 17 жастағы, бір қыз бала 13 жаста. Бұған бірінші себеп – балалардың қараусыз қалғаны.

Қарағанды облысы бойынша биыл 18 адам суға батып кеткен. Оның төртеуі бала.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу