Air Astana атышулы Boeing 737 Max ұшағын сатып алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Air Astana атышулы Boeing 737 Max ұшағын сатып алмақ

21.11.2019
Air Astana атышулы Boeing 737 Max ұшағын сатып алмақ

Air Astana мен Boeing өздерінің Twitter-дегі парақшасында отандық әуе компаниясының атышулы Boeing 737 MAX ұшақтарын сатып алу ниеті бары туралы ақпарат таратты. Компания FlyArystan флоты үшін жалпы сомасы 3,6 млрд доллар болатын 30 ұшақты сатып алмақ. 

Алайда еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұлттық авиатасымалдаушы компанияның бұл ұшақтарды әзірге сатып алмайтынын хабарлады. 

«Компаниялар арасында мұндай келісім және ниет болған шығар деп ойлаймын. Алайда ұшақтарды сатып алып, пайдалану туралы нақты шешім шыққан жоқ. Өйткені Авиация комитетінің шешімімен ел аумағында Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану тоқтатылды», - деді министр Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетейік, Boeing 737 MAX ұшағынан әлемнің бірқатар елі бас тартты. Бұл шешім 2019 жылы Эфиопиядағы ұшақ апатынан кейін қабылданған болатын. Оқыс оқиғадан 150-ден аса адам, оның ішінде БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапқан еді.

Хабарламаларға жазылу