Жезқазғанда мектеп өртеніп, 640 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда мектеп өртеніп, 640 адам құтқарылды

19.11.2019

Жезқазған қаласындағы №3 орта мектепте өрт шығып, 640 адам құтқарылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Еңбек сабағы өтетін сыныптың іші толық жанып кеткен. Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрт сынып ішіндегі қондырғы сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу