Еліміздегі 2,2 миллион гектар жер пайдаланылмай жатыр

18.11.2019

Жерді тиімсіз пайдаланушылардың тізімі жасалады. Ал оған ілінгендер субсидиядан қағылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылық министрі мәлімдеді. Өйткені қазір еліміздегі 2,2 миллион гектар жер пайдаланылмай жатыр. Осындай учаскелерді қайтарып алуды тездету мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Егер құжат мақұлданса, онда тексеріп қайтарып алу мерзімі бір жылдан аспайды. Ал қазір 3, тіпті 5 жылға дейін созылуда. Бұдан бөлек, пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлеріне салынатын салықтың ставкасын бірнеше есеге дейін арттыру жоспарлануда.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу