Басты Жаңалықтар Павлодарда 11 мыңнан аса сырқат диспансерлік есепте тұр

Павлодарда 11 мыңнан аса сырқат диспансерлік есепте тұр

Бүгін түс ауа Үкімет басшысы Павлодар облысына барды. Асқар Мамин алдымен өндірісті аймақтағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ашылып, ел экономикасына екпін беріп отырған ксәпіорындардың бірі — «Нефтехим ЛТД» ЖШС. Кәсіпорын мұнай қалдықтарынан түрлі өнім шығарады. Бастапқыда дайын өнім шығару өндірісіне қажетті полипропилен түйіршектейтін.

Үкімет басшысы жаңадан салынып жатқан «Спорт-Сити» спорт қалашығында болып, жақында тапсырылуға тиісті 200 орындық онкология диспансерінің құрылысына барды. 5 корпустан тұратын аурухана обыр ауруына қарсы озық технологиямен жабдықталған. Бұл жерде 300-ге тарта маман жұмыс істейтін болады. Павлодар қатерлі ісік аурулары кең таралған еліміздегі үш облыстың бірі. 11 мыңнан аса сырқат диспансерлік есепте тұр. «Инвесторлар үйінде» Премьер-Министр аймақтың инвестиция тарту қабілеті бойынша нақты мәліметтерді саралады. Сапар барысында Асқар Мамин шағын қала Ақсудағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Болат АМАНБАЕВ


Бөлісу