Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы әріптестікке - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы әріптестікке - 25 жыл

15.11.2019

Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы әріптестікке — 25 жыл. Осы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады. Қазақстан үкіметі мен бұл қаржылық ұйымның қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Тараптар ынтымақтастықтың болашағын талқылап қана қоймай, елдегі әлеуметтік жаңалықтар жөнінде де әңгіме өрбітті. Такехико Накао Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауымен таныс екенін жеткізді. Банк президенті стратегиялық құжаттың әлеуметтік бөліміне баса мән беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы бастамаларына оң бағасын берді. Өйткені Жолдауда айтылған мақсат-міндеттер Азия даму банкінің басымдықтарымен үндеседі. 

Хабарламаларға жазылу