Латын әліпбиінің соңғы әрі нақты нұсқасының шығуына географиялық атаулар мен кісі есімдерінің жазылу ережелері қиындық тудырады. Сондай-ақ Ш мен Щ дыбысы, І әрпінің басы түртілмеуі конвертерге келмей жатыр. Бұл туралы тіл мамандары арасында өткен ғылыми конференция барысында айтылды. Жиында латын әліпбиін меңгертудің тиімді әдістемесі, емле ережелеріндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Фариза Мұсақызы