Үкімет мүшелері Жамбыл облысының бюджет қаражатын үнемдеу ісін жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет мүшелері Жамбыл облысының бюджет қаражатын үнемдеу ісін жоғары бағалады

14.11.2019

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет өкілдері жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік бағдарламалардың орындалу барысын бақылады.

Шағын шаруашылықтарды біріктіру арқылы, еңбек өнімділігін арттыру - аймақтардағы басым бағыттардың бірі. Бұл тұрғыда Жамбыл облысының көрсеткіші көпке үлгі. Аудандарда, ауылдарда, елді мекендерде жаппай кооперациялар құрылып, халық бірлесіп еңбек етудің нәтижесін түсіне бастаған. Әкімдік өз тарапынан ұйымдастыру жұмыстарын мойнына алған. Мәселен, Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылы 200-ге тарта отбасы бірігіпті.

Үкімет мүшелері Жамбыл облысындағы үш шаруаны жоғары бағалады. Біріншісі, шағын шаруаларды кооперациялау, екіншісі, бюджет қаржысын үлкен көлемде үнемдеу, үшіншісі, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барып жатқан жас мамандарды қолдау. «Жұмыссыздықпен күресті күшейте береміз»,- деді аймақтың дамуына жауапты басшылар.

Ербол Мәндібек


Хабарламаларға жазылу