Қазақстанда несиелердің пайыздық мөлшерлемелері азаюы мүмкін

13.11.2019

Қазақстанда несиелердің пайыздық мөлшерлемелері азаюы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Бүгін мәжілісте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім ратификацияланды. Енді оның негізінде өзге елдердің банктері Қазақстанда филиалдарын аша алады. Бәсекелестік артады да, қаржы ұйымдары тиімді қызмет түрлерін арттырады. Бас банкирдің сөзінше, біздің екінші деңгейлі банктер жаңа нарыққа толығымен дайын.  «Бұл ең бастысы қарапайым халық үшін аса тиімді болады»,- деп отыр мамандар. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу