Бішкекте 3 жарылыс болып, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте 3 жарылыс болып, 1 адам қаза тапты

08.11.2019

Қырғызстан астанасы Бішкекте 3 жарылыс болып, 1 адам қаза тапты. Тағы 15-і жараланған. Апат қала орталығындағы кафелердің бірінде түскі сағат 14:00-де болды. Қаза тапқан әйел осы дәмхананың қызметшісі екені анықталды. Алдын ала болжамға сәйкес, газ баллоны жарылса керек. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер лапылдаған жалынды сөндірді. Қазір апат орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу